«11 мамыр күні сағат 13:35-те Бішкек-Ош күре жолының 471-ші шақырымында Аudi-100 және Audi -C-4 көліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды», - деп мәлім етті ТЖМ-нен.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, тағы үш адам жарақаттанған.
Қаза тапқан төрт адамның тұлғалары анықталды: ол 51 жастағы Бабихатик Тарбалантова, 46 жастағы Санобар Радзапова, 55 жастағы Содат Сафарова, 51 жастағы Бибисор Мелибаева, барлығы Тәжікстан азаматшалары.
Тағы екі жолаушы мен Audi -C4 көлігінің жүргізушісі ауруханада жатыр.