Бішкек-Ош тасжолында 23 тонна қант артқан жүк көлігі отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек-Ош тасжолында 23 тонна қант артылған жүк көлігі жанып кетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Кабар.

Оқыс оқиға 29 қазанда таңғы 06:05-те күре жолдың 237 шақырымында болған.

Өрт көліктің тіркемесінен шыққан, барлық жүк пен автомобильдің алты доңғалағы жанып кетті.

Өрттің шығу себебі - көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.