ІІМ-нің алдын ала жасалған мәліметі бойынша, Mercedes жүргізушісі қалғып кетіп, көлік жолдың қарама-қарсы бетіне шыққан.
Қайғылы оқиға салдарынан Mercedes автокөлігінің 4 жолаушысы ауыр жарақаттар алып, сол жерде қаза тапқан.
Оқиға орнына келген көлік инспекциясының қызметкерлері Honda Accord-тың зардап шеккен екі жолаушысына көмек көрсетті. Олар жақын маңдағы медициналық жәрдем аупктіне жеткізілді.
Апат болған орында Джалал-Абад облысының ІІБ-ның жедел-тергеу тобы мен милиция қызметкерлері жұмыс жасауда.