Бішкек соты Атамбаевты изоляторда қалдырды

Фото: None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Бүгін Бішкек қалалық сотының көшпелі отырысында Атамбаевты Қырғызстанның Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында ұстау шарасын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Отырыста сот бұлтартпау шарасын өзгерткен жоқ.Бұрынғы президент 26 тамызға дейін изоляторда болады.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғыпрезиденті бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, Атамбаев: Бішкекжылу энергия стансасын жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, Бішкекжылу энергия стансасына көмір жеткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, заңсызжолмен табыстарын арттырды («Форум» ғимараты ісі), Геология агенттігініңжекелеген лауазымды тұлғаларымен бірге лицензия беру бойынша сыбайласжемқорлыққа жол берді деген күдікке іліккен.


Бұдан бөлек, бас прокурор Откурбек ДжамшитовАтамбаев қару пайдалану, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, тергеуге кедергіжасау, адамдарды кепілге алу, адам өлтіруді ұйымдастыру, адам өлтіруге әрекетжасау баптары бойынша күдікке ілінген мәлімдеген.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздіккомитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев Қырғызстанның бұрынғы президенті АлмазбекАтамбаев төңкеріс жасамақшы болды деген еді.