Бішкек түбінде жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек түбінде жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Қырғызстан астанасы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Лайф.ру.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Гонконгтан ұшып келе жатқан жолда қала шетіндегі саяжайлар орналасқан ауданға құлаған.