Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Калыс Ахматовтың айтуынша, мәйіт ұшақтың ішінен табылған.
«Бұл экипаждың төртінші мүшесі болып шығуы мүмкін, сәйкесінше анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ахматов.
Бұған дейін үш экипаж мүшесінің табылғаны хабарланған еді, олар - Ибрагим Дирандгин (ұшқыш), Казин Ондул (екінші ұшқыш), Ихсан Кожа (жүк тасымалдау маманы).
Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында, әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Апат салдарынан 37 адам қаза тапқан.
17 қаңтар Қырғызстанда аза тұту күні болып белгіленді.