Бішкек түбіндегі ұшақ апаты орнынан басқа мәйіттер табылмады

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек түбінде ұшақ апатқа ұшыраған жерден басқа мәйіттер табылған жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Бішкектегі меншікті тілшісі.

Бұл туралы журналистерге Қырғызстан төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов мәлімдеді.

 «Қазір ауыл кеңесінің тұрғындар саны жайлы мәліметтерін тексерудеміз. Әзірге адамдардың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ешқандай арыз түскен жоқ», - деді ол.

Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing-747 жүк ұшағы құлады. Әзірге 37 адамның көз жұмғаны расталды, оның 37-сінің аты-жөні анықталды.