Бішкекке сән-салтанатқа толы қытайлық достық керуені келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекке келе жатқан қытай достық керуеніне ерген 54 түйе, 10 жылқы және автокортеж оның ажарын аша түскендей. Бұл туралы сейсенбіде астана мэрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап КирТАГ хабарлады.

«Мәдениет және ынтымақтастық керуені» жобасының аясында ҚХР-дан Бішкекке достық керуені келеді. Оның  құрамында шығармашылық топ, көлік, арнайы техника кортежі, шатыр лагері, дала асханасы, 54 түйе, 10 жылқы, резервтік жылқы, түйелер т.б. бар. Керуен тамыздан қыркүйекке дейін жалғасады», - делінген хабарламада.

Қатысушылар ІІ Дүниежүзілік Көшпенділер Ойынын жарнамалап, насихаттай отырып, Қырғызстанның қалалары мен ауылдарының орталық көшелерінен жаяу жүріп өтеді. «Кырчын» джайлоо бағдарламасына қатысады. Ондаған кездесу, мәдени-ақпараттық шаралар, «Шэньси Цзин Шэн Юй Фу» шай корпорациясынан үздік  сұрыпты қытай шайынан дәм тату, қытай және қырғыз тараптарының мәдени акциялары жоспарланған.

Жоба  мақсаты - Қырғызстан мен Қытай арасындағы достықты нығайту, мәдени  алмасу және сауда ынтымақтыстық үшін платформа құру, Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарын насихаттау.

Керуен сапары ежелгі Ош қаласында аяқталады.