Бішкекте №142 сайлау учаскесі ашылды

БІШКЕК. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін дауыс беру жүріп жатыр.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес, Елшілік жанынан №142 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Бішкек учаскесінде тіркелген сайлаушылардың тізімінде 231 адам бар. Жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-ға дейін сайлаушылардың 70 пайызы дауыс беріп болды.

Қырғызстандық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы кеңінен жариялап жазуда.