Бішкекте алапат дауыл ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында болған алапат дауыл ағаштарды және билбордтарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Бірнеше машина зақымданды,деп хабарлайды КирТАГ.

Бішкектегі найзағай ойнап, нөсер жаңбырмен қосыла соққан күшті жел кеше шамамен 20.00-де басталып, бір сағатқа созылды. Интернет пайдаланушылардың хабарлауынша, Горький мен Байтық Баатыр көшелерінің қиылысында жарнамалық щит, Горький мен Бейбітшілік даңғылы қиылысында электр бағанасы құлаған, ал Бақаев-Гагарин көшелерінің қиылысында құлаған ағаш жолды жауып қалған. Бірнеше машина зақымданған. Сондай-ақ электр сымдары да үзілген. Қаланың кей аудандарында электр желілері істен шыққан, кейбір үйлердің шатырларын жел ұшырып әкеткен.

Төтенше жағдай министрлігінің деректеріне қарағанда, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен.