«Түрлі елдерден қатысушылар бұл идеяны қолдап, бірауызды шешімге келді. Себебі бұл осы елдер ғалымдарының өзара жұмыс істеуі үшін бұрын-соңды болмаған бірегей алаң», деді президент кеңесшісі Мира Қарыбаева.
Декларация жобасы қазір хатшылықта жатыр, оның негізгі идеялары: Бішкекте алтай өркениетін зерделеу институтын құру; Ыстықкөл жағалауында ашылған «Көшпенділер өркениеті орталығын» қолдау; форумның халықаралық қадағалау кеңесін құру; ғылыми зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу; басылым түрінде де шығарылатын, интернетте де қолжетімді болатын Алтай зерттеулері туралы журнал шығару.
Форум тұрақты жұмыс істейтін алаң болатыны атап өтіледі, келесі кездесу 2018 жылғы тамыз-қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтеді.