Оқиға орнында МҰҚК қызметкерлері тазалау және тергеу-жедел шараларын жүргізді.
Арнайы операция аясында МҰҚК арнайы бөлімшесі қызметкерлеріне қару қолдана отырып, белсенді қарсылық көрсеткен төрт содырдың көзі жойылды.
Сондай-ақ, арнайы операция барысында арнайы бөлімше қызметкерлері түрлі деңгейде жарақат алды, олар Бішкектің медициналық мекемесіне жеткізілді.
Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.