Олардың арасында өткен жылғы дүбірлі доданың жеңімпазы мен жүлдегерлері де бар.
Чемпионаттың іріктеу ойындары 22-23 күндері «Кондор» бильярд клубында өтіп, финалдық бөлігі 24-25 күндері Қожамқұл атындағы спорт сарайында жалғаспақ. Онда ең үлкен құрама Қазақстаннан қатысуда. Ал Қырғызстаннан - 20, Ресейден - 12, Украина - 10, Әзірбайжан - 6, Өзбекстан - 5 спортшы қосып отыр. Жалпы былтырғы Әлем чемпионаты 21-25 ақпан күндері Алматыда өткен болатын. Онда жартылай финалда Қаныбек Сағындықовтан 5:4 есебімен басым түскен 15 жасар ресейлік Никита Ливада ақтық сында украин Александр Паламарды 6:3 есебімен жеңген еді. Ал Қаныбек Сағындықов пен украин Ярослав Тарневецкий қола жүлдегер атанды. Ал Әлихан Қаранеев, Әуез Елубаев, Ернар Шымбаев, Қуаныш Абпасов пен Азат Түменов үздік 16 спортшының қатарына енді.
Биыл бұл дүбірлі додада ел намысын - Алмас Әбсейіт, Қуаныш Абпасов, Гари Акопов, Еламан Атаев, Дмитрий Григорьев, Әділ Дияс, Әуез Елубаев, Эмиль Мударисов, Арби Муциев, Әлібек Омаров, Максим Пан, Юрий Радченко, Қаныбек Сағындықов, Бағдат Сәрсенбаев, Серік Саутов, Хамит Сейдазым, Нүркен Сүйкембаев, Айдос Туғанбаев, Азат Түменов, Дәурен Орынбаев, Ернар Шымбаев, Ғани Шардарбеков қорғауда. 24-27 қаңтарда Қызылорда қаласында «Құрастырмалы пирамидадан» өткен Қазақстан чемпионатында ақтөбелік А. Түменов - ел чемпионы, алматылық Е. Шымбаев - күміс, ал қарағандылық Д. Григорьев пен алматылық Қ. Сағындықов қола жүлдегер атанған еді. Онда алматылық Д. Орынбаев, Х. Сейдазым, А. Муциев, тараздық Ғ. Шардарбеков, М.Пан мен астаналық Қ. Абпасов 1/8 финалға дейін жетіп, алғашқы 13 спортшының қатарынан орын алған болатын.