Бішкекте бір аптада төрт мектептің директоры парамен ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - 1 қыркүйекте соңғы ұсталғандардың бірі А.Г.Б. шағын учаскедегі мектепке ауыстыруға оң шешім шығарғаны үшін 5 мың сом алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kg ресурсына сілтеме жасап.

Фото: пресс-центра ГКНБ

Нақты қай оқу орнының директоры екенін Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақтыламады, бірақ ұсталған күдіктінің сол күні арнайы қызметтің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Ведомство таратқан суретте №51 мектептің директоры Гүлнұр Арзиеваның кабинетінде қалай ұсталғаны көрсетілген.