Бішкекте еңбек мигранттарының арасында ВИЧ індетінің алдын алу мәселелері талқылануда

None
БІШКЕК.  Желтоқсанның  25-і.  ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -   Бүгін Бішкекте «Орталық  Азия елдерінде  еңбек мигранттарының арасында ВИЧ (Адамның  қорғаныш тапшылығы  қоздырғышы) індетінің алдын  алу»   тақырыбына арналған  «дөңгелек  үстел»   отырысы    өтуде.

Орталық  Азияда   Жұқтырылған  адам қорғанышы  белгісі (СПИД)  індетін  бақылау  жөніндегі  жобаның    үшінші  гранттық  кезеңнің аясында  өтіп жатқан бұл   шараның  мақсаты -     жобамен   кеңінен танысу,      ынтымақтастықтың      түрлі  сипаттарын   талқылау  және  Душанбедегі   Еңбек мигранттарының арасында АҚТҚ  профилактикасы  жөніндегі орталықазиялық   аймақтық оқу орталығына  қолдау көрсету.

Кездесуге қатысушылар  сондай-ақ,  АҚТҚ-инфекциясы  бойынша    эпидемиологиялық ахуалды,  еңбек    миграциясы мәселелерін,   аймақтағы  оның ішінде Қырғызстандағы  көші-қон    үдерістерін  реттеу   проблемаларын   талқылайды.  Шараны Қырғызстанның  Денсаулық сақтау министрлігі мен   Халықаралық  көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігі   ұйымдастырып  отыр.