«Шамамен сағат 14:00-де Достоевский мен Анкара көшелерінің қиылысында Opel Zafira көлігі М. Тоқтобаевты қағып кетті», - делінген хабарламада.
Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.
«Жүргізуші қашып кетпей, құқық қорғау органы қызметкерлерін күткен, көлік айыппұл тұрағына қойылды», деп қосты ведомстводан.
Тергеу амалдары жүргізілуде.