Оқиға 17 желтоқсанда сағат 13.30-да Бішкек қаласындағы көшелердің бірінде болған.
«Инспектор көліктің терезесін толықтай қараңғылап алған көлікті тоқтатпақшы болған. Алайда, шетелдік көліктің жүргізушісі кіші сержантты әдейі қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1998 жылғы Бішкек тұрғыны ұсталған. Оның көлігі тұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады басқармада.
Факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Инспектор ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда қажетті сараптама тағайындалды.