«Қырғызстан астанасында 440 мың сом (9,2 мың доллар шамасында) қарыз төлемегендіктен Мәңгілік алауды өшіріп тастады», - деп мәлімдеді кеше, 25 сәуір күні баспасөз мәслихатында «Қырғызгаз» ААҚ бас директоры Евгений Орленко. Бұл туралы ИА REGNUM хабарлайды.
«Бішкек мэрі Свердлов аудандық әкімшілігінің жыл жарым бойы төлемеген қарызын өтеуге міндеттенді. Жеңіс алаңындағы газдың өшірілуі бірінші рет емес. Егер ақша дер кезінде аударылса, онда газбен қамту қалпына келтіріледі», - деген Орленконың сөзіне сілтеме жасайды «24.kg» ақпарат агенттігі.