Бішкекте кәсіпшілікпен және халық қолөнерімен шұғылданатын шеберлердің халықаралық фестивалі өтеді

None
БІШКЕК. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Ертең «Туризм және саяхат – BITF 2009» халықаралық туристік жәрмеңкесі ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттік ұйымдастыратын көрме-жәрмеңке аясында мамырдың 15-сі мен 19-ы аралығында кәсіпшілікпен және халық қолөнерімен шұғылданатын шеберлердің ІІ халықаралық фестивалі өтеді. Сонымен қатар, іс-шара барысында көрші республикалардың туристік әлеуеттері ұсынылатын болады.