16:52, 09 Сәуір 2009
Бішкекте Қазақстан Елшілігінің бастамасымен шығарылған кітаптардың таныстырылымы өтті
БІШКЕК. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз астанасында Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшілігінің бастамасымен шығарылған жаңа кітаптардың таныстырылымы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Еуропаға жол», «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі» және «Қазақ-қырғыз мақалдары» жинағын таныстыру Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылуының кезекті жылдығын мерекелеу кезінде өтті. Салтанатты кеште «Еуропаға жол» кітабында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, төзімділікті нығайтуға, халықаралық лаңкестікке қарсы тұру проблемаларына назар аударылатыны жөнінде айтылған. «Еуропаға жол» бағдарламасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген, оның негізгі мақсаты ? Еуропа елдерімен және еуропалық құрылымдармен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болмақ.
«Ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі» кітабында халықтар достығы Қазақстан халқының ең маңызды байлықтарының бірі екені туралы айтылады. Басылымда ұлтаралық және дінаралық келісімнң қазақстандық моделінің басты авторы ретіндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі жан-жақты көрініс тапқан. Кітапта Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінде, шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесулерінде сөйлеген сөздері топтастырылған. Жинақта «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының және оралмандарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының толық мәтіндері келтірілген.Ал «Қазақ-қырғыз мақалдары» жинағы қазақстандық дипломаттардың екі елдің әдеби байланыстарына қосқан өзіндік үлесі болып табылады. Елшілік болашақта осы сериядағы басылымдарды шығаруды жалғастырмақ.