деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында екіжақты Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелер және аймақтық бірігу перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық ету барысы туралы хабардар етті. Қырғызстандық дипломаттар болса, ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ету кезінде жан-жақты көмек көрсететіндіктерін атап өтті.
Консультация аясында қазақстандық делегацияның Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Бақтыгүл Қаламбекамен кездесуі ұйымдастырылды.