Тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылайды, атап айтқанда, сауда-экономикалық әріптестік, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері, көлік, өнеркәсіп, энергетика саласындағы бірлескен жобалар талқыланады. Екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда. Атап айтқанда, техникалық қауіпсіздік, темір жол тасымалдарына тарифтерді бірдейлендіру, Қазақстан тарапынан «ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы бойынша жол картасы» аясында 100 млн доллар көлемінде қаржылай көмек бөлу бойынша үкіметаралық келісімдер.
Еске салсақ, Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанға 3 қарашада Қырғыз Республикасының төрағалығымен Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылар кеңесінің 15-ші мерейтойлық отырысына қатысу үшін барды.
Бүгінде Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді. Қазақстан Республикасының төрағалық етуші мемлекет ретіндегі саяси іс-қимылдары экономикалық және мәдени ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелерінен тұратын, Ұйым аясындағы көпжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын теңдестірілген түрде дамытуға бағытталған.