Бішкекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қабылдау өтті

None
БИШКЕК. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бішкекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ҚР Қырғызстандағы Елшілігінде қабылдау өтті.

Аталмыш шараға Қырғызстанның көрнекті мемлекет қайраткерлері, Үкімет мүшелері, Жогорку Кенештің депутаттары, саяси партиялардың көшбасшылары, дипломатиялық корпустың өкілдері, жергілікті іскерлік орта мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев өз сөзінде бүгінгі қабылдауға келген қонақтарға алғысын білдірді.

Қырғызстан тарапынан Қырғызстан Президенті Әкімшілік аппаратының жетекшісіЖанторо Сатыбалдиев құттықтау сөз сөйледі. Ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсізідік жылдарында толайым табыстар мен жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Қырғызстанда екі ел арасында қалыптасқан бауырлас қарам-қатынасты жоғары бағалайды», -деді Ж.Сатыбалдиев.