Бішкекте келіншек ЭКО көмегімен үшемді дүниеге әкелді
06:01, 26 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасындағы қалалық перзентханада 34 жастағы Бішкек тұрғыны Аида Батыралиева үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды knews.kg .
Екі ұл мен бір қыз кесар тілігі арқылы өмірге келді.
Қыздың салмағы- 1668 гр, ұлдың бірі - 1665 гр, болса екіншісі - 1645 гр. Ота сәтті жүргізілген. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, ана мен балалардың жағдайы жақсы, қазір олар жансақтау бөлімінде.