Бішкекте Кеңес Одағының Батыры И. Панфиловты еске алу турнирі өтеді

БІШКЕК. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловты еске алуға арналған грек-рим күресінен турнирі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тарих Қазақстан мен Қырғызстан халықтарын тығыз байланыстырған. Осындай байланыстардың бірі Ұлы Отан соғысы жылдары өз жауынгерлерімен Дубосеково разъезінде Мәскеуді қорғаған атақты генерал Иван Панфиловтың өмірі мен ерлігі. Соғыстың алдында Иван Панфилов Қырғыз КСР-нің әскери комиссары болады. Соғыс басталғаннан кейін ол Қазақстанда кеңес халқының жеңісімен аяқталған Ұлы Отан соғысына өзінің салмақты үлесін қосқан 316-шы атқыштар дивизиясын жасақтаған болатын. Атақты генералды еске алуға арналған турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің атлеттері қатысады. Келесі жылы турнир өзінің елу жылдығын атап өтеді.