Бішкекте көп қабатты үй өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте Көк-Жар тұрғын үй ауданында салынып жатқан көп қабатты үй өртеніп жатыр. Бұл туралы КирТАГ Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«101» диспетчерлік нөміріне сағат 13:18 Шоокума  көшесінде орналасқан Көк-Жар тұрғын үй орамында көпқабатты үйдің отқа оранғаны туралы хабар түсті.  Өрт сөндірушілер сағат 13:19 оқиға орнына аттанды.  Жалын 9-шы қабатта шыққан», - деп хабарлады ТЖМ.

Тізліс жауды ауыздықтауға 4 өрт сөндіру бөлімі тартылды. Алын ала мәліметтер бойынша жапа шеккендер жоқ.