Бішкекте Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне шеру өтті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Ала-Тоо орталық алаңында Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне салтанатты шеру өтті.

Шеруге ҚР Қарулы күштер бас штабының бастығы Раимберди Дуйшенбиев қатысты.

Одан кейін құттықтау сөзімен ел президенті Алмазбек Атамбаев шықты. Ол 1991 жылы парламент Қырғызстан тәуелсіздігі туралы тарихи шешім қабылдағанын еске алды.

 «Бүгін біз елдің басты меркесі - Тәуелсіздік күнін атап өтудеміз. ҚР 25 жылдығы! Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Осы күні 1991 жылы республиканың Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация» туралы қаулы қабылданды, оған сәйкес Қырғызстан тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекет болып жарияланды», - деп атап өтті А. Атамбаев.

Кешегі лаңкестікке байланысты салтанатты шара ҚР-дағы Қытай елшілігінің маңында қауіпсіздіктің күшейтілген режімінде өтті. ҚР ІІМ хабарламасы бойынша шараға 3 мыңнан астам млилция тартылды. ІІМ ІІБ тергеу жедел тобы күшейтілген режімде жұмыс істеуде.