АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдемесіне сәйкес, Қырғызстанның Ош облысында 2013 жылдың тамыз айының соңында Бішкек пен Ош қалаларында лаңкестік акциялар ұйымдастыруды жоспарлаған бір топ жауынгерлер ұсталды.
«Қазақстанның Бішкектегі Елшілігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ұсталғандар арасында 1988 жылы Қырғызстанның Шу облысы Тоқмақ қаласында туған, Қазақстан азаматы Лескевич Сергей Анатольевич бар екендігі анықталды», - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Қырғызстан құқыққорғау органдары бірігіп осы іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.