2016 жылы 4 маусымда сағат 04:20 шамасында белгісіз маркалы тапаншамен қаруланған, маскамен тұмшаланған ер адам Бишкектегі «Лотерея-37» (Чуй даңғылы) ұйымының ғимаратына баса-көктей кірген. Кассирді қарумен қорқытқан қылмыскер 32 500 сом көлеміндегі қаражатты алып, белгісіз бағытқа ізін суытқан.
Аталған қылмысты анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары кезінде Бишкек қ. ІІББ патрульдік милиция қызметкерлері ІІБ қызмткерлерімен бірігіп, «Келечек» жаңа құрылыс ауданында тұратын 25 жастағы Т.А. ұстады.
Күдікті Бишкек қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.