Бішкекте өтетін халықаралық көрмеге Қазақстанның азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қатысады

БІШКЕК. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қыркүйектің 18-інде Бішкекте ашылатын «Агроөнімэкспо» халықаралық көрмесіне Қазақстаннан өндіруші-компаниялар қатысады.

Ұйымдастырушылардың   ақпараты  бойынша,    қырғыз  елордасында  өтетін    халықаралық көрмеге   Иран,  Қазақстан және Қырғызстан  елдерінің    азық-түлік өнімдері  мен халық тұтынатын тауарлар   өндіретін 40 шақты  компаниясы  қатысады.  Бішкектегі  Спорт  сарайында  өтетін көрме    қыркүйектің 21-іне  дейін созылады.