Р.Отынбаева кездесу екі аптаға жуық уақыт бұрын жоспарланғанын және елдегі ұлысаралық келісім мәселелеріне арналуы тиіс болғандығын атап өтті. Алайда Ош қаласындағы тәртіпсіздіктерге байланысты шараның тақырыбы өзгерді.
Уақытша үкімет басшысының пікірінше, Оштағы тәртіпсіздіктерді референдумды болғызбау үшін ішкі күштер қоздатып отыр. «Бұл арада сыртқы күштерді көріп отырған жоқпын. Онда адамдар референдумды өткіздірмеуге үгіттеп жүр. Бішкек базарларында да үкіметтің беделін түсіруге бағытталған парақшалар таратылуда, бұл жұмысты кейбір партиялар мен қозғалыстар жүргізуде», - деп атап көрсетті ол.
«Тәртіпсіздіктер күшпен емес, осы жұмысты саналы түрде істеп отырғандардан келіп отыр, - деді Р.Отынбаева. - Мысалға Жалалабадтан адамдар Ошқа жіберілген. Бізге мұны тоқтату үшін күш пен қаражат қажет, адамдарды тыныштандыруымыз, ақылға келуге шақыру қажет».
Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер орын алып отырған Ошқа адамдардың шоғырлануын тоқтату қажет. «Әзірге жағдай күрделі, - деп мәлімдеді Р.Отынбаева. - Жаңа Жалалабад губернаторымен хабарластым. Жалалабадта әзірге тыныш. Алайда біз кешке қарай және түнге даяр болуымыз қажет».
Осыған байланысты Р.Отынбаева уақытша үкімет Ошқа дәрігерлерді және құқықтық тәртіпті ұстап тұру үшін қосымша күштерді аттандыру қажеттігін атап өтті.
Өтпелі кезеңдегі ҚР президентінің сөзінен кейін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері баспасөз өкілдерінің залды босатуын сұрады.