Бішкекте сәуірде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске (ЖЕЭК) дайындық аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин видеоконференция режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ЕАЭО Кеден кодексін тиімді іске асыру үшін Кеңес мүшелері ЖЕЭК отырысында қарау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентінің кеңес пен комиссия алқасына кедендік әкімшілендіру саласындағы бірқатар актілерді бекіту бойынша өкілеттіктерді бөлу бөлігіне түзетуді мақұлдады.

Қарауға енгізу үшін Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарын мақұлдады. Негізгі бағдарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді тиімді экономикалық дамыту үшін жағдай жасау бойынша ұсынысты қамтиды.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері халықаралық ынтмақтастық саласында бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға алып келетін консультация өтті, «Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Кеңесінің шешімдері қаралды.

ЕЭК Кеңесі отырысы күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша ЕЭК одан әрі дамытуға бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.