Белгілі болғандай, жарылыс кешкі сағат 18:00 шамасында Жібек Жолы және Сүйінбай көшелерінің қиылысында орналасқан шіркеу аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз бір адам жарылғыш затты қоршаудың ішіне лақтырып кеткен.
Алдын ала берілген ақпараттарға сүйенсек, құрбан болғандар жоқ.