Бішкекте ТМД үкіметтері басшыларының кеңесі өтуде

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында ТМД үкіметтері басшыларының кеңесі өтуде. Онда қорытынды құжаттарға қол қойылады.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, РФ Үкімет басшысы  Дмитрий Медведев, Молдова Республикасының Премьер-Министрі Павел Филип, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяков, Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзода, Армения Республикасының вице-Премьер-Министрі Ваче Габриелян, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов, Әзербайжан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Эюбов Ягуб Абдулла оглы, Түркіменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлык Сатлыков қатысты.

Сондай-ақ отырысқа Атқарушы комитет төрағасы  ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысып жатыр.

Күн тәртібінде 22 мәселе қаралып, 7 құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.   

Агробиоәртараптандыруды сақтау туралы Конвенцияға қол қою жоспарланған. Сонымен қатар, отырысқа қатысушыларТМД-дағы 2020 жылға дейінгі тұрғындар арасында жүргізілетін санақты талқылайды.