Бішкек жолаушылар автокөлік кәсіпорны мен Бішкек троллейбус басқармасы ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.
«Жүргізушілер құрамы мен көлік жуу қызметкерлеріне нұсқаулықтар жүргізілді. Олар медициналық бетперде мен қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Күн сайын автобустар мен троллейбустардың салондарды хлоры бар ерітінділермен жуылады», - делінген хабарламада.
Әр автобус пен троллейбустың салондары жолға шығардың алдында, соңғы аялдамаларда және паркке қайта оралғанда дезинфекциялаушы ерітінділермен тазаланады.
Бұл профилактикалық іс-шара ЖРВИ мен тұмау бәсеңсігенге дейін жүргізіледі.