Бішкекте түркі тілдес елдердің Кино күні өтеді
11:55, 12 Қыркүйек 2018
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте Түркі тілдес елдердің Кино күні өтеді. Бұл туралы Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Фильмдер «Манас» кинотеатрында 13-15 қыркүйек аралығында көрсетіледі. Ашылу салтанатына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия өкілдері, Парламент депутаттары, мәдениет қайраткерлері, кинорежиссерлер, аниматорлар қатысады.
Фестивальдің бағдарламасында Әзербайжанның «Кызыл бакча», Қазақстанның «Оралман», Қырғызстанның «Тунку кырсык», Түркияның «Буудай» және «Айла» картиналары бар.