Бішкекте тұтқында болған қазақстандық босатылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте қаланың МІІБ мен арнайы жедел әрекет ету жасағының күшімен қылмыскерлердің тұтқынына айналған Қазақстан азаматы босатылды, деп хабарлады Қырғыз Республикасының ІІМ баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер қазақстандықты оның құнын төлейтін ақша алу үшін тұтқынға алған. Ресми ақпаратқа сәйкес, милиция органына 1 мамыр күні 31 жастағы Қазақстан азаматы Бақытжан И. деген азамат барған. Ол өзінің 27 жастағы Байғани И. есімді інісін өздерін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріміз деп таныстырған белгісіз біреулердің алып кеткенін хабарлаған. Оны босату үшін қылмыскерлер Бақытжан И-ден 30 мың доллар талап еткен.

ІІМ органдары жедел іздеу шараларын жүргізіп, қазақстандықты «Дордой» жаңа салынып жатқан үйлерінің бірінде күштеп ұстап отырғанын анықтаған. Милиция қызметкерлері тұтқынды босатып алды.

Осы қылмыс бойынша күдікті 34 жастағы Ош облысы Алай ауданының тұрғындары - 34 жастағы Медер А. мен 35 жастағы Ратбек Н. тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс бойынша ҚР ҚК 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.