Фестиваль аясында фольклорлық-ойын сауық бағдарламасы, тағамнан дәм тату, құрт жәрмеңкесі өтеді. Қырғызстанның бас аспаздар қауымдастығы құрт, сорпа және десерттерді әзірлеу бойынша шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Сонымен қатар сауда нүктесін үздік ресімдеу бойынша «Ең үздік құрт» байқауы өтеді.
Фестиваль ұлттық тағам дәстүрлерін дамытуға және сақтауға, елдің туристік тартымдылығын құруға, Бішкек тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мәдениет пен ұлттық тағам ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған.