Бішкекте жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтеді

None
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының апта сайынғы брифингінде ағымдағы жылғы қаңтардың 29-ы мен 30-ында Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар істері жөніндегі кеңесінің отырысы өтетіні мәлім етілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш отырысқа «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов қатысады. Айдың соңында өтетін басқосуда ТМД-ға мүше мемлекеттерде «Жастар жылы» деп жарияланған 2009 жылдың іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілмек. Сондай-ақ жастардың еңбекпен қамтылу мәселесі, ТМД аясында қарым-қатынасты дамыту мен жастар саясатындағы өзге де өзекті сұрақтар қаралады деп күтілуде.