«Mercedes» көлігін тоқтатпақ болған жедел қызметкерді көлік жүргізуші бірнеше метр жерге сүйреткен. Одан кейін тоқтап, көліктен пышақ алып шыққан қаскүнем оның санынан жарақаттаған. Тәртіп сақшысы табельдік қарудан атып, қылмыскердің оң жақ иығынан тигізді. Қылмыскер ұсталды», - деп хабарлады ҚІІБ-нан.
Қазіргі кезде ұсталған ер адам Бішкектегі ауруханалардың бірінде жатыр. Оның тұлғасы анықталуда. Тәртіп сақшысына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.