«Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде. Өрт сөндірушілер үйдің үстіне құлаған кеме сынықтарын тазалауда. Өтемақы төленеді, сомасы нақтылануда», - делінген хабарламада.
16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданы Дача-Суу ауылы маңындағы әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Turkish Airlines әуе компаниясының Boeing-744 жүк ұшағы құлады.
Соңғы деректерге сәйкес апаттың салдарынан 32 адам қаза тапқан. Аман қалған ұшқыш ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.