Бішкектегі халықаралық конференцияда репродуктивті денсаулықтың көкейкесті мәселелері талқыланады
20:14, 03 Наурыз 2009
БІШКЕК. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Қырғызстанның астанасында «Адриатикадан Қытайға дейінгі репродуктивті денсаулықтың көкейкесті мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Наурыздың 4-інде Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің бастамасымен және қолдауымен өтетін халықаралық конференция репродуктивті денсаулықтың проблемалары бойынша шетелдік және қырғызстандық мамандардың ғылыми жетістіктерімен және практикалық тәжірибесімен алмасуды, репродуктивті денсаулық бойынша Еуразиялық қауымдастықты құруды өзінің мақсаты етіп қояды.