Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежай әуе кемелерін қабылдап та, ұшырып та жатқан жоқ. 4 рейс ұшуды күтіп тұр.
Өз рейстерін күтіп отырған жолаушылармен Аэрофлот, Flydubai, Орал әуе желілері мен Эйр Манас әуе компанияларының өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Әуе кассасының өкілі мәлім еткендей, әуежайда тіркеу жұмыстары сағат 18:00-де басталады.