2018 жылғы 1 сәуірде улану салдарынан Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына келгендер саны 38-ге жетті, соның жетеуі балалар. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, тиісті ем-дом жасалды.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, мейрамханаға республиканың түрлі өңірлерінен келген адамдардың саны 190-ның төңірегінде.
Зардап шегушілерден сынамалар алынып, сараптамаға жіберілген, оның қорытындысы үш күннің ішінде шығуы тиіс.