Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, астан ұшынғандар кешеден бері ауруханаға келіп түсіп жатыр.
1 сәуірде Республикалық инфекциялық ауруханада зардап шеккен 38 адам жатыр, олардың 7-уі бала. Науқастардың жағдайы орташа деңгейде деп бағалануда. Барлығына ем-дом жасалып, қажетті медициналық көмекті көрсетуде.
Қырғыз Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық орталық тарапынан тексеру жүргізу қолға алынған. Бастапқы мәлімет бойынша, мейрамханаға жиылған 190 қонақтың дені елдің түкпір-түкпірінен келген (Ош, Ыстықкөл, Нарын). Осыған байланысты барлық облыстық және аудандық санитарлық эпидемиологиялық орталықтар қажетті іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылған.
Зардап шегушілерден талдама алынып, зертханаға жөнелтілген. Оның нәтижелері алдағы үш тәулік ішінде белгілі болады. Сонымен қатар, мейрамханада да сынамалар алынған.