Бішкектегі құқық қорғау органдарының деректері бойынша, "Қырымдағы теңіз көрінісі" деп аталатын картинаның қолды болғаны туралы 27 желтоқсан күні белгілі болған. Мұның алдында мұражайда жаңажылдық корпоратив кеші өткен.
Мұражай директоры Юристанбек Шигаевтің айтуынша, картинаның құны қанша тұратыны белгісіз. Туынды 1955 жылдан бері мемлекет меншігінде болған.
Этникалық армян Айвазовский өз кезеңінің ең танымал суретшілерінің бірі болды. 1900 жылы қайтыс болған суретшінің қолынан шыққан алты мыңнан астам өнер туындысы бар.
2012 жылы сәуірде Лондондағы Sotheby's аукционында оның "Константинополь мен Босфор көрінісі" картинасы 5 миллион 200 мың АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды «Азаттық».