ТЖМ деректеріне сәйкес түрік авиа желісіне тиесілі ұшақ Гонконгтен Түркияға бет алған. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған. Тұман салдарынан ұшақ ұшу-қону жолағына қона алмай қалған, қазір әуежай жабылды.
Қазіргі сәтте 15 адамның қаза тапқаны расталды. Оның 9-ы ересек, 6-ауы балалар. Зардап шеккен 6 адамға көмек көрсетілуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер тізімі жасалуда. Баспасөз қызметі консультантының деректеріне сәйкес, оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.
Атап өтсек, кеше 15 қаңтарда тұман салдарынан Қырғызстан президентінің ұшағы «Манас» әуежайына қона алмаған. Содан №1 борт «Тамчы» әуежайына бағытын өзгертіп, сол жерге барып сәтті қонған.