деп жазады МК.ru.
«Жарылыстан кейін көтерілген қою түтінді кез келген жерден көруге болады. Базардың ішінде үрей туындаған жоқ», - дейді оқиғаны өз көзімен көргендер.
АКИpress-тің хабарлауынша, пиротехника сақталатын қойма жарылған. Жарылыс салдарынан қойма ғимаратының жартысы қирап қалды.
«Қазіргі уақытта оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі жөнелтілді», - деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ өрт қауіпсіздігі агенттігінен.
Бішкекте қазір аптап ыстық болып тұр. Көлеңкенің өзінде термометр қырық градусты көрсетуде.