Жергілікті БАҚ өкілдері хабарлағандай, жарылыс ресейлік кәсіпкер Александр Гайдуковқа қастандық жасау мақсатында кеңсесі орналасқан үйдің ауласында ұйымдастырылған. Жарылғыш затты кәсіпкердің автокөлігінің маңындағы ағаш бұтақтарының арасына тығып қойған. Гайдуковтың білектері мен саны аздап жараланған.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жарылыстың болған сәті әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бұған дейін, 2016 жылдың сәуір айында, Александр Гайдуковқа оқ атылып, қастандық жасалған еді. Қылмыс сол күйі ашылған жоқ.