Астана қалалық қылмыстық істер сотына апелляциялық шағым бүгін түскен, бірақ кімнің атынан берілгені белгісіз.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.
Бұрынғы министр «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен сотталғанын атап өткен жөн.
Ал оның інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға үкім кесілген еді.
Айта кетсек, қоғамда «Қ.Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе?» сұрақ туындаған болатын.